Мезгил бскс


Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. «Алтын адам» 8-сынып Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерінің бірі : Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру ә) құрмалас сөйлемнің өмірде адам ойын жеткізудегі рөлін практикалық тұрғыда дәлелдеу, дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру; б) оқушылардың ойын ауызша жазбаша түрде жеткізе білуге төселдіру, сауаттылыққа үйрету. Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, талдау, салыстыру, іздендіру. Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, халықтық педагогика Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі «Сәлемдесу» тренингі. ІІ. Үй тапсырмасы Семантикалық карта. Мысалдар жақты жақсыз жалаң жайылма толымды толымсыз атаулы Мен ерте келдім + Баланы жаман үйретпеу керек. + Сыныптастар жиналды. + Мәди қатты жүгірді. + Біз балалаық бал дәуренді сағынышпен еске аламыз. + -Әсел, қашан келесің? -Ертең. + Орман. Қараңғы. + ІІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау кезеңі. - Адамның ойы мен пікірі сан қилы. Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемнің түрлерін қолданады екен. -Адам өз ойын үнемі ауызша айтатын мүмкіндік бола бермейді, сол кезде адам өзінің пікірін, мақсатын, шартын, себебін жеткізу үшін жазуға тура келеді. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Бүгінгі сабақта нені біліп, нені үйренуіміз керек. 1. Мезгіл бағынңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері 2. Мезгіл бағынңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сабақтас құрмалас сөйлемдердің басқа мағыналық түрлерінен айырмашылықтары. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтастың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды. Придаточное времени указывают на время действия главного предложения, и отвечают на вопросы қашан? (когда?), қашаннан бері? (с каких пор?), қашанға шейін (до каких пор?). Способ образования: Путем прибавления к причастию суффиксов: -да, -де. М.: Мен кел-ген-де, сен үйде жоқсың. (Когда я пришел, тебя не было дома). Путем применения после причастия с окончаниями барыс септік частиц шейін, дейін. М.: Шешесі жұмыстан кел-ген-ге дейін, қызы тамақ пісіріп қойды. (Пока мама была на работе, дочь приготовила ужин). Путем применения к причастию с окончаниями шығыс септік частиц кейін, соң, бері. М.: Емтихан тапсыр-ған-нан кейін, үйге барамыз. (После сдачи экзаменов, поедем домой). Путем прибавления к корню глагола деепричастий -қалы, -келі, -ғалы, -гелі. М.: Мен кел-гелі көп болды. (Прошло много времени с тех пор, как я пришел. IV. жаттығу жұмысы 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну. « А л т ы н а д а м » Әлем жұртшылығы тарихи деректер мен мұраларға қашанда үлкен қызығушылықпен қарайды. Жаһан жұртшылығының басым бөлігі туристік сапарға шыға қалса, міндетті түрде тарихи бай өлкелерге барады. Басқа елдердегі сияқты, Қазақстан жерінде де көптеген археологиялық қазбалар табылған. Көне қалалардың орны халқымыздың бай тарихынан мәлімет бергендей. Ал, күні бүгінге дейін жоғалмай келген Тараз, Түркістан сияқты сан ғасырлық тарихы бар қалалар көптеген туристердің таңдана отырып аралайтын мекеніне айналған. Археологиялық қазбаларға келетін болсақ, бұл тұрғыдан Қазақстан жерін зерттеудің негізгі жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген. Қала орындары, зираттар, мешіт-медреселер кең байтақ отанымыздың түкпір-түкпірінен табылған. Ал, Алматы облысындағы Есік қорғанынан «Алтын адам» табылған кезде, алыс-жақын елдердің барлығы елең еткен-ді. Бұл 1970 жыл болатын. Археологиялық құндылықты тапқан тарих ғылымдарының докторы Кемал Ақышев, басқа да ғалымдармен кеңесе отырып, бұл біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешімге келді. «Алтын адамның» бойындағы қаруы да, үстіндегі киімі де түгелдей дерлік алтыннан құйылған. Бұл ең алдымен киімнің ішіндегі адамның, сонан соң оның елінің дәулетін көрсетсе, екіншіден сол кездің өзінде-ақ түсті металлургияның қыр-сырын меңгерген тайпалардың өмір сүргенін айқындай тын сияқты. «Алтын адам» Алматыдағы Орталық мұражайға қойылды. Кейін қазақ елінің басты символы ретінде басқа елдердегі көрмелерге де шығарылды. Оңтүстік астананың орталық алаңындағы (Республика алаңы) «Тәуелсіздік» монументінің негізгі бейнесі де осы «Алтын адам». Қазіргі кезге дейін бұдан басқа тағы екі «Алтын адам» табылды. 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан табылған. Оны қазу жұмыстарын тарих ғылымдарының кандидаты Зейнолла Самашев жүргізген. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген адамды оның болат семсеріне қарап, ғалымдар сарматтардың көсемі деген қорытындыға келген. Үшінші «Алтын адам» 2003 жылы табылған. Профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар қауымы оны Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығынан қазып алған. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл «Алтын адам» б.д.д. VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Мекен еткен жеріне және үстіндегі құйма алтыннан жасалған аң-құс белгілеріне қарағанда, сақ патшасына келетін бұл адам әлі де зерттелу үстінде. Міне, күні бүгінге дейін бір емес, үш «Алтын адам» табылды. Ұлан байтақ Қазақстанның жерінде әлі қанша «Алтын адамның» жатқаны белгісіз. Оны зерттеу уақыттың еншісінде. Сөздік: зират – кладбище; могила қазба – ископаемое; раскопка ханзада – принц; сын хана; тайпа – племя; племена; род потомок хана болат – сталь семсер – меч; сабля; рапира аң – дикое животное; зверь құйма – литье; сплав; отливка 2-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ-жауап құрастырып, оларды рөлге бөліп оқыңыздар. Ү л г і: – Қазақстан жеріндегі археологиялық қазбаларды зерттеу қай уақытта жүргізілген? – Қазақстан жерін, ондағы археологиялық қазбаларды зерттеудің негізгі жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген. 3-тапсырма. Мәтіннің бірінші жарты бөлігінен үш сөйлемді алып, олардың негізгі мағынасын сақтай отырып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар. Ү л г і: Алматы облысындағы Есік қорғанынан «Алтын адам» табылған+нан бері, оған алыс-жақын елдің бәрі қызығушылықпен қарады. 3-тапсырма. Мәтіннің екінші жарты бөлігінен үш сөйлемді алып, олардың негізгі мағынасын сақтай отырып, мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар. Ү л г і: «Алтын адамды» қазақ елінің басты символы ретінде таныт+у үшін, басқа елдердегі көрмелерге де шығарды. 4-тапсырма. Мақсат және мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің анықтамасын, жасалу жолдарын салыстырып, Венн диаграмасын құру. V.Сабақты бекіту: - «Алтын адам» мәтіні бойынша Синквейн әдісі арқылы бес жолды өлең жазғызып, айтқызу. - Кеспе карточкалармен жұмыс. VI.Өзін-өзі бағалау парақтарына баға қойғызу. VII.Үйге тапсырма: Төменеде берілген етістіктерді қатыстыра отырып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрастыру: келу, жаттау, жазу, билеу, ұйымдастыру.

Приложенные файлы

  • docx mezgil_bsks
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий