Жт деттен сактан


Жәт әдеттен сақтан
Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас ағзаға зияны, әр түрлі аурулардың осы алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру. Өскен ортадан тек жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге баулу. Таза жүруге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер т.б.Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеуБарысы: I. Кіріспе бөлім. Сұрақ-жауапАдам болу, ел болудың жолы да,Оңай емес ойлау керек оны да.Ел қатарлы тірлік етіп, кем болмай,Бақыт құсын қондыруда қолында.1. Жыл мезгіліне қарай қандай жұқпалы ауруларды білесіңдер?(тұмау, сүзек т.б.)2. Осы ауруларды болдырмау үшін не істейміз? ( екі бала туралы әңгіме айтып беру)II. Мақал-мәтелдерді, даналық сөздер оқып мәнін ашу, түсіндіру.Жасыңнан шексең темекі,Түбіңе сенің сол жетер.Түтінмен ыстап өкпені,Никотин уын төккені.Жүректің ұстап талмасы,Мишықтық құрғап кеткені.Мүгедек, ауру, демікпеӨмірге қатер төнеді,Салауатты өмір сүрейік!Шекпеңіз дейміз темекі
Жасыңнан шексең темекіДенеге дерт боп жетеді.Әдет боп жаман кетеді.Зиянды затты көп тұтсаңӨмірің қор боп өтеді.Спортпен болып мәңгі дос,Мағынасыз жүрме бос!Зиянды заттан аулақ деп,Достарыңа ақыл қос!Күркілдеуік тобына сәлем!1. Дені саудың – жаны сау.2. Тазалық бар жерде денсаулық бар.3. Алдын алу – ауруды жену. 4. Тазалықты әдет, рәсім қылып әбден қалыптарына сіңіріп алыңдар.Мәдениеттің белгісі – тазалық. С.Сейфуллин5. Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уақытында шұғылданып отырған адам Ауруды құртуға бағыттылған ешқандай емдеуді қажет етпейді. Ибн Сина6. Қозғалыс – өмір қоймасы. Плутарх Темекі тартып, ішімдік ішкен адамдардың нерв жүйесінің қызметі бұзылады. Темекі зардабынан стенокардия ауруы пайда болады. Бұл аурумен ауырған адамның нерв тамырларында кеудені қатты ауыртатын әлсіздік пен өлім қатерін туғызатын түйілулі пайда болады. Темекі түтінінде никотин, иіс газы, көгерткіш қышқыл және басқа зиянды заттар бар. Бұл заттардың барлығы адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Әсіресе сезім мүшелеріне, есту нервтеріне зиянды болады. Темекі көздің сыртқы ақ қабығына әсер етеді. (оқушыларға сұрақ беру) III Жұмбақтр шешуИт ішпейтін ащы,Бар пәлеге басшы. (арақ)
Теріні кермек,Жалқауға ермек. (темекі)
IV Нақыл сөздер 1. Ішпеген, шылым шекпеген,Жасайды жылдар көптеген.
2. Темекіден түтін сорсаң, уланасың.Өзіңді-өзің жіпсіз байлап, шырмайсың.
V Пікірталас. Жақтау мен Даттау.VI Қорытынды бөлім 1. Қандай зиянды әдеттерден сақ болуымыз керек? 2. Әртүрлі ауруларды болдырмау үшін қандай ережені сақтау қажет?3. Темекі мен арақ қандай зиян келтіреді?4. Бос кезімізді қалай өткізуміз керек?


Приложенные файлы


Добавить комментарий